Оны ҚФФ басшылары арнайы шақырған
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып келді деп хабарлайды Olympic.kz.
ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен келген. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды. Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетпек.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыруда. Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін Грекияны жеңуі тиіс.
Грекияға қарсы матч бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталады.