Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы ойынын тамашалайды

Редактор
21.03.2024, 22:39

Матч сағат 00:45-те басталады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүздеген мың қазақстандықтар секілді бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тамашалайды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды 1bol.kz.

"Президент шын жүректен біздің жігіттерді қолдайды және жеңіс үшін қолдан келген барлық мүмкіндігін жасайтынына сенеді", – деді Берік Уәли. 

Айта кетейік, бүгін, 21 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өткізеді.

Матч сағат 00:45-те басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияны жеңген жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.

Футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

Еске салайық, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып барды.