Қазақстан Грекиямен матчқа негізгі құрамды жариялады

Редактор
21.03.2024, 23:42

Капитан Асхат Тағыберген бастапқы құрамға кірмеді

Фото: instagram/kff_team

Қазақстан құрамасының Грекиямен сырт алаңда ойнайтын негізгі құрамы белгілі болды. Ойын Афина қаласында, Еуро-2024-ке шығу жолындағы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясында өтеді. 

Магомед Адиев алғашқы минуттардан келесі ойыншыларды алаңға шығарады: 

Игорь Шацкий, Ян Ворговский, Темірлан Ерланов, Александр Марочкин, Марат Быстров, Бағдат Қайыров, Эльхан Астанов, Бактиер Зайнутдинов, Абзал Бейсебеков (К), Ислам Чесноков, Максим Самородов

Бастапқы құрамда капитан Асхат Тағыбергеннің, жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың және шабуылшы Абат Аймбетовтың болмауы көзге түседі.