ИГИЛ* Чемпиондар лигасының ойындарында теракт жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді

Редактор
09.04.2024, 14:03
realmadridcf.com

Қазақстанда тыйым салынған ИГИЛ террористік ұйымы Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалында теракт жасайтынын мәлімдеді.

Лаңкестік ұйым өкілдері таратқан хабарламада бетперде киіп, қолына қару ұстаған ер адам бейнеленген және Чемпиондар лигасының ширек финал ойындары өтетін стадиондардың атауы жазылған. Олар: «Эмирейтс», «Парк де Пренс», «Метрополитано» және «Сантьяго Бернабеу».

Сондай-ақ, аталған постерде «Бәрін өлтіру керек» деген жазу бар.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реал» – «Манчестер Сити», ПСЖ – «Берселона», «Арсенал» – «Бавария» және «Атлетико» – «Боруссия» командалары кездеседі.

Қазіргі таңда аталған стадиондар орналасқан аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ойындардың өту кестесіне ешқандай өзгеріс енгізілмеді.

*ИГИЛ – Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым