Өзбекстан футболшылары тарихта алғаш рет Олимпиадаға жолдама алды

Редактор
29.04.2024, 22:14

Орталық Азия елдерінің ешбірі Олимпиада қатыспаған

upl.kz

Футболдан Катарда өтіп жатқан жастар арасында Азия чемпионатының алғашқы финалисі анықталды. Дохадағы Абдулла бин Халиф стадионында өткен ойында Өзбекстан футболшылары Индонезия құрамасын жеңді.

Матч 2:0 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда салынды. 

Сонымен, өзбек футболшылары Орталық Азиядан Олимпиадаға қатысатын алғашқы құрама команда болмақ. Өйткені Азия кубогының финалисіне Олимпиадаға қатысуға лицензия беріледі. Енді олар Жапония және Ирак арасындағы екінші жартылай финал жұбының жеңімпазымен жолығады.

Өзбекстан сапында ойнап жүрген футболшылардан «Қайрат» қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев бар. Сондай-ақ құрама капитаны Жасур Жалолиддинов те кезінде Алматы командасында өнер көрсеткен.