Kaspi.kz иесі Михаил Ломтадзе Англияның футбол клубын сатып алды

Редактор
05.05.2024, 18:16

Клуб үшінші дивизионда өнер көрсетеді

tengrinews.kz

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе Англияның «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының бақылау пакетін сатып алды деп хабарлады SPORT+.

Клубтың ресми өкілдігі хабарлағандай, Англия футбол лигасы рұқсат бергеннен кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков және Дэн Райс клубтың Директорлар кеңесінің құрамына енген.

Сондай-ақ, аталған хабарламада айтылғандай, Ломтадзе иелік ететін Blue Ocean Partners II Limited компаниясына «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының 90% тиесілі.

Айта кетейік, «Уиком» клубы Англия чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсетеді. Клубтың ең жоғары нәтижесі – Англия кубогінің жартылай финалы (2000/01 жж).