«Зенит» Нұралы Әліптің кесірінен қолда тұрған жеңістен айрылып қалды

Редактор
07.05.2024, 01:20

Қазақстандық қорғаушы өз айып алаңында қолмен ойнады

Чемпионат

Ресей Премьер-лигасының 27-туры аясында сырт алаңда «Факелмен» кездескен «Зенит» қолда тұрған жеңістен айрылып қалды. Ойынның соңына дейін 1:0 есебімен жеңіп тұрған питерлік клуб 90+12 минутта пенальтиден гол жіберіп, небәрі бір ұпайды місе тұтты.

Ойынның 41-минутында қонақтар сапынан Дос Сантос гол соғып, бұл есеп матч соңына дейін сақталған. Алайда, төреші қосқан қосымша минуттарда «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп өз айып алаңында қолмен ойнап, «Факел» ойыншысы пенальтиден мүлт кеткен жоқ, гол авторы – Евгений Марков.

«Зенит» осымен төрт ойын қатарынан жеңе алмай келеді. Қазір команда 51 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді. Ал, «Факел» болса 28 ұпаймен 12-орында.