«Аспаннан алтын жауды»: бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 24 медаль иеленді

Редактор
07.05.2024, 23:04

Барлығы 14 алтын медаль бар

Қазақстан бокс федерациясы

Астанада бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан командалық есепте бірінші орын алды.

Құрлық біріншілігінде 25 салмақ бойынша (13 ер, 12 әйел) жеңімпаздар анықталды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі. Ерлер командасында 13 медаль бұйырды (8 алтын және 5 күміс).

Азия чемпионы атанғандар: 

  • 51 келі: Кенже Мұратұлы 
  • 54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек 
  • 67 келі: Елнұр Сүйінбай
  • 71 келі: Сабыржан Аққалықов
  • 75 келі: Диас Молжігітов
  • 80 келі: Ерасыл Жакпеков
  • 86 келі: Темірлан Мұқатаев
  • 92 келі: Бекнұр Батырбек.

Күміс жүлдегерлер:

  • 48 келі: Ернар Қарап 
  • 57 келі: Ерболат Сабыр 
  • 60 келі: Руслан Күзеубаев
  • 63.5 келі: Ерасыл Таңқай
  • +92 келі: Аманат Сабырғали

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді (6 алтын, 4 күміс, 1 қола).

Чемпиондар: 

  • 50 келі: Гүлнәр Тұрапбай 
  • 60 келі: Шахназ Исаева 
  • 66 келі: Ақнар Ишанова 
  • 70 келі: Жасмин Қизатова 
  • 81 келі: Диана Мағауияева
  • +81 келі: Елдана Тәліпова.

Күміс медаль иегерлері:

  • 52 келі: Анита Адишева 
  • 54 келі: Элина Базарова
  • 57 келі: Әнел Сақыш
  • 63 келі: Анар Тұрсынбек

Қола жүлдегер:

  • 75 келі: Анастасия Баязитова.

U22 Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Алтынбек пен Жасмин Қизатова 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында 2 дүркін чемпион атанды.

Бұған дейін кеше жастар арасындағы Азия чемпионатынан да Қазақстан 24 медаль еншілеген.

Материалда: