«Боруссия» тарихында үшінші рет Чемпиондар лигасының финалына шықты

Редактор
08.05.2024, 02:25

Финалда немістер «Реал» – «Бавария» жұбының жеңімпазымен ойнайды

Getty Images

Еуропа Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды. Қос ойынның нәтижесінде париждік ПСЖ-ны 2:0 есебімен ұтқан «Боруссия» аталған турнирдің ақтық сынына осымен үшінші рет жолдама алып отыр.

Бір апта бұрын Дортмундта өткен ойында алаң иелері жарыс фавориті саналған ПСЖ-ны 1:0 есебімен ұтқан болатын. Бүгін Парижде де Терзич шәкірттерінің жолы болды. Матчтың 50-минутында Матс Хумельс соққан гол «Боруссияға» жеңіспен қатар, финалдық жолдаманы қатар сыйлады.

Жолы болды деп бекер айтып отырғанымыз жоқ. Өз қақпасына гол жіберіп алғаннан кейін ПСЖ қарсылас қақпасын толассыз шабуылдаған. Тіпті, доп екі рет маңдайшаға тиіп кері қайтты. Тағы тірде Мбаппе мен Дембеле қисық тепсе, тура тепкен доптарды қақпашы Кобель қайтарып жатты.

Дортмундтық клуб финалда «Реал» – «Бавария» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұған дейін «Боруссия» Чемпиондар лигасының финалында 1997 және 2013 жылдары ойнап, екеуінде де жеңіліп қалған.