Килиан Мбаппе ПСЖ жайлы эмоциялық жазба қалдырды

Редактор
14.05.2024, 11:07

Оның ПСЖ-мен келісімшарты маусым айының соңында аяқталады

Getty Images

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе санаулы күндерден кейін командадан кетеді. Осыған байланысты ол әлеуметтік желіде эмоцияға толы жазба қалдырды.

Айта кетейік, Мбаппе биыл Франция чемпионатының ең үздік ойыншысы атанған болатын. Мұнан кейін ол клубтан кететіні туралы видеомәлімдеме жасаған.

«Лига 1-дің ең үздік ойыншысы деген титулды бесінші рет алып, толқып отырмын. Осы жылдар ішінде алған махаббатым үшін баршаңызға алғыс айтқым келеді. Клубпен бірге болған ерекше сәттерді ешқашан ұмытпаймын. Менің әрдайым үздік болуыма көмектескен командадағы достарыма, «ПСЖ» клубының қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мен басымды тік көтеріп кетіп барам», - деп жазды Мбаппе.

Француз футболшысының қандай клубқа ауысатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін спорт инсайдерлері оның «Реалмен» келісімге келгенін хабарлаған болатын. Бұған байланысты Мбаппенің өзі әлі тіс жарған жоқ.

Материалда: