«Қазақстаннан Беларусьтің жағдайы жақсы»: қырғыз футболшысы шындығын айтты

Редактор
14.05.2024, 11:21

Ол «Қайрат» сапында 2020-2023 жылдар аралығында ойнаған

Қайрат ФК

Алматының «Қайрат» клубында ойнаған қырғыз футболшысы Гүлжігіт Әліқұлов Қазақстан мен Беларусь чемпионаттарының деңгейін салыстырды.

Ол Алматыдан кеткен соң, Беларусь елінің «Неман» клубына ауысқан. 

«Беларусьте ойнаған ұнайды. Бұл жақтағы турнир қызығырақ, күшке басымдық беріледі. Қазақстанмен салыстырғанда алаң сапасы жоғары. Тек ерте көктемде жасанды төсеніште ойнап, қалған уақытта табиғи алаңда өнер көрсетеміз. Өз алдына биік мақсаттар қоятын «Неман» сапында ойнау керемет сезім сыйлайды. Біз чемпионат пен Кубокта топ жарғымыз келеді. Ауа райы да өте қолайлы, бапкерлік штабпен жақсы тіл табыстық», - деді қырғызстандық футболшы.

Әліқұлов Алматы клубының қатарын 2020 жылдың басында толықтырып, 2023 жылы жазда кетті. Осы аралықта ол 99 матчқа қатысып, 13 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.