«Қайраттың» екіншісі командасы «Қыранға» 10 гол соқты

Редактор
17.05.2024, 19:00

Түркістан облысының командасы қазір қаржылық қиындық көріп жүр

prosports.kz

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасында ірі есеп тіркелді. Алматыда «Қайраттың» екіншісі командасы Шымкенттің «Қыран» клубы ойсырата жеңді.

Матч 10:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда есеп 3:0 болған. Екінші кезеңде «Қайрат» жастары – жеті, қарсылас бір гол соға алды. Алаң иелерінен шабуылшы Глеб Валгушев хет-трик жасады.

«Қыран» маусымға қосылғанымен, қаржылық қиындықтан көз аша алар емес. Сәуір айында түркістандықтар Екібастұздағы ойынға ақшаның жоқтығынан жете алмай, айыппұл арқалаған еді.