биыл «Ордабасы» УЕФА Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын қорғайды

Редактор
19.05.2024, 13:10

Биыл «Ордабасы» УЕФА Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын қорғайды

Ордабасы ФК

УЕФА-ның клубтарды қаржылық бақылау органы «Шымкенттің «Ордабасы» клубына мерзімі өткен кредиторлық берешегі үшін тәртіптік шара қолданды. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында жазылған.

«Ордабасы» УЕФА-ға 20 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Шымкент командасы мерзімі өткен кредиторлық берешек немесе кредиторлық берешегі туралы қате ақпарат бергені үшін айыппұл салынған командалар тізіміне енгізілді. Тиісті айыппұлды анықтау кезінде CFCB 2023/24 маусымы үшін мерзімі өткен сомаларды, сондай-ақ жағдайды қиындататын және жеңілдететін факторларды ескерді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл «Ордабасы» УЕФА Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын қорғайды. Былтыр Шымкент клубы алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған. Клубтың бұрын 6 миллиардқа жуық қарызы болған. Қала әкімдігі оны толықтай жауып берді.

Материалда: