Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Редактор
19.05.2024, 17:04

Ол енді қола медаль үшін Түркия балуанымен күреседі

Olympic.kz

Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Абиба Әбужақынова жартылай финалда Моңғолия спортшысынан ұтылды.

Тартысты белдесуде отандасымыз қарсыласына екі мәрте вазари ұпайын беріп қойды. Осылайша ол жеңістен құр қалып отыр.

Енді қола медаль үшін Әбужақынова Түркия дзюдошысы Тугче Бедермен татамиге шығады.

Отандасымыз әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде Түркия, Словения және Бразилия балуандарын ұтты.

Сондай-ақ, Елдос Сметов те жартылай финалға шығар жолда Ресей балуаны Аюб Блиевтен ұтылып, қола жүлдеге күресуге мүмкіндік алды. Оның қарсыласы Грузия мен Жапония балуандарының бірі болмақ.