«Манчестер Сити» Англия тарихында алғаш рет ел чемпионатын қатарынан 4 рет жеңіп алды

Редактор
19.05.2024, 22:38

Соңғы 10 жылда Гвардиола шәкірттері АПЛ-ды алты рет жеңген

Getty Images

Футболдан Англия Премьер-лигасының жеңімпазы соңғы 38-ші турда анықталды. Бұл жолы да «Манчестер Сити» ел чемпионы атанды. Екінші орынды «Арсенал» алса, үздік үштікті «Ливерпуль» түйіндеді.

Айта кету керек, «Манчестер Сити» Англия чемпионатын қатарынан төрт рет жеңіп алған алғашқы команда. Сонымен қатар, Гвардиола шәкірттері соңғы он жылда алты рет АПЛ чемпионы атанды.

Соңғы 38-турда «Мансити» өз алаңында «Вест Хэм Юнайтедті» қабылдаған болатын. Матчта 3:1 есебі тіркелді. Егер аталған ойын тең немесе қонақтардың жеңісімен аяқталғанда, екінші орындағы «Арсенал» АПЛ чемпионы атанар еді. Микель Артета шәкірттері бүгін өз алаңында «Эвертонды» 2:1 есебімен ұтты. Қос команданың арасын небәрі екі ұпай бөліп тұр.