«ПСЖ» басшылары Мбаппенің 80 млн еуро жалақысын бермей қойған

Редактор
29.05.2024, 09:59

Қазір футболшының заңгерлері істің мән-жайымен танысып жатыр, олар клуб басшыларының үстінен сотқа шағым түсірмек

Getty Images

«ПСЖ» клубының президенті Нассер Әл-Хелаифи Килиан Мбаппенің мадридтік «Реалға» тегін ауысқанын қаламайды деп жазады L’Equipe басылымы.

Дереккөздің жазуынша, Әл-Хелаифи француз ойыншысына 80 миллион еуро жалақысы мен бонусын төлеуден бас тартып отыр екен. Сондай-ақ, «ПСЖ» Мбаппеге сәуір айының жалақысын және ақпан айында алуы тиіс болған бонусты әлі бермеген. Қазір бұл іске француздық шабуылшының заңгерлері араласып, клуб басшыларымен соттасқалы жатыр.

Еске салайық, биыл маусым айының соңында Килиан Мбаппенің «ПСЖ-мен» келісімшарты аяқталады. Футболшының өзі париждік клубта одан әрі қалмайтынын ресми мәлімдеді. Футбол инсайдерлерінің жазуынша, ол «Реал» формасын киеді. Корольдік клуб оған жылына 15 млн еуро жалақы және 150 миллион еуро бонус төлемек.

Материалда: