Саян Хамитжанов пен Қайрат Боранбаев ҚФФ атқару комитетінің құрамына кірмей қалды

Редактор
07.06.2024, 20:26

Тізімде «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов бар

Қайрат ФК

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі – Атқару комитетінің құрамына өзгертулер енгізу болды.

Бұған дейін мүшелікте болған «Астана» футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов тізімнен шығарылған. Сондай-ақ, бұрын тұрақты мүше болатын Қайрат Боранбаев та жоқ. Негізі ол 2022 жылы қамауға алынған соң, мүшеліктен кеткен. Кейін босап шыққаннан кейін тізімге қайта қосылмапты.

Атқару комитетінің қазіргі мүшелері төмендегідей:

  • Әділет Барменқұлов – ҚФФ президенті
  • Олжас Абраев – Sport Plus Qazaqstan медиа тобының бас директоры;
  • Әбілмәжін Ғилымов – «Кең дала орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Бегайым Қырғызбаева – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттықтырушысының көмекшісі;
  • Алексей Нефёдов - «Arcada» компаниялар тобының бас директоры;
  • Қайрат Оразбеков – «Қайрат» футзал клубының президенті;
  • Владимир Сидельковский – «Рахымжан-петролеум» ЖШС бас директоры;
  • Тимур Турлов – «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.