Команда ел чемпионатында жиі жеңіліп жүр
«Тобыл» клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып атақты қазақ футболшысы Нұрбол Жұмасқалиев тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ол «Тобылды» жаттықтырған және сол уақытта айдың үздік жаттықтырушысы да атанған болатын.
Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы 11 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. «Намыс» клубының түлегі. Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген футболшы (523). Екінші рекорды – гол соғу бойынша, Нұрбол – Қазақстан чемпионатында 167 рет мергендік танытқан.
Бұған дейін «Тобылды» жаттықтырған сербиялық маман Милич Чурчич қызметінен кеткен еді. Ол командамен былтыр Қазақстан кубогын және биыл Суперкубокты жеңіп алды. Бірақ, команда қазір жиі жеңіліп жүр. Соңғы ойында олар Қызылорданың «Қайсарынан» ұтылды.