Өзбекстанға «Реал» мен «Миланның» жұлдыздары келді

Редактор
29.06.2024, 22:48

«Бунёдкор» стадионында баспасөз конференциясын өткізді

Yuz.uz

Жастар форумы аясында Өзбекстанға Дида, Кристиан Пануччи, Кристиан Заккардо және Серджиньо секілді әлемдік футболдың жұлдыздары келді.

Бүгін қадірлі қонақтар Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитетіне барған. Оларды ҰОК бас хатшысы Ойбек Касимов пен Өзбекстанның футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматов қарсы алған.
Жұлдыздар өзбек футболының тарихымен танысып, спортшылардың Париж олимпиадасына даярлығы жайлы мағлұмат алды.

Сонан соң «Бунёдкор» стадионында баспасөз конференциясын өткізді.

Айта кетейік, бразилиялық Дида - 2002 жылғы әлем чемпионы, «Милан» сапында екі рет Чемпиондар лигасында топ жарған. Оның отандасы Серджиньо да «Миланмен» Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанған. Италиялық Кристиан Заккардо 2006 жылғы әлем чемпионы.  Кристиан Пануччи «Милан» және «Реал Мадридпен» бірге Чемпиондар лигасында үздік шыққан.