Тоқаев чемпиондарға керек болмай қалды

Редактор
30.06.2024, 20:48

«Семей» клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысымен қоштасты

instagram.com/tokayev18

Футзалдан су жаңа ел чемпионы «Семей» клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаевпен қоштасты.

«Жомарт барлығы үшін рахмет! 24 жастағы универсал ойыншымыз Жомарт Тоқаев «Семей» клубынан кетті. Біздің клубта ол 17 матчқа қатысып, 4 гол соқты. «Семей» футзал клубы Жомартқа алғыс айтып, алдағы карьерасына сәттілік тілейді», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 2023/24 жылғы маусымда «Семей» құрыла сала чемпион атанды. Финалда Алматының «Қайрат» клубын 4 матчтың үшеуінде ұтты. Бұған дейін 20 жыл қатарынан «Қайрат» топ жарған еді.

Материалда: