Семейде «Елімай» мен «Жетісу» кездесті
Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 13-турында Семейде «Елімай» мен «Жетісу» кездескен. Екінші таймның басында қонақтардың қорғаушысы Асхат Балтабеков бұрыштамадан тіке тауып, есеп ашты.
Матч комментаторы Шалқар Естен футболшыға желдің өзі көмектескенін айтты. Өйткені сол сәтте Семейде жел қатты болып тұрған.
Дегенмен алаң иелері таразы басын теңестіріп, ойын 1:1 есебімен аяқталды.
«Елімай» 18 ұпаймен премьер-лигада төртінші орында келе жатыр. Команда соңғы матчтардың барлығын тең аяқтап жүр.