«Ақтөбе» мен «Тобыл»: 7 гол соғылып, күтпеген нәтиже тіркелді

Редактор
30.06.2024, 22:35

«Тобыл» күтпеген жерден сырт алаңда жеңіске жетті

“Тобыл” ФК

Қазақстан премьер-лигасында 13-турында «Ақтөбе» мен «Тобыл» дербиі өтіп, матчта жеті гол соғылды.

Бірінші таймда қонақтар жауапсыз 3 гол соққан. Үзілістен кейін алаң иелері естерін жинай бастады. Қатарынан екі пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестіруге жақын қалған. Бірақ 73-минутта Чесноков салған гол ойын тағдырын шешті. Одан кейін Ромероның бір добы матч нәтижесіне әсер етпеді. «Тобыл» күтпеген жерден сырт алаңда жеңіске жетті.

«Ақтөбе» — «Тобыл» - 3:4 

Голдар: Чесноков, 16 (0:1).Эль-Мессауди ,27 (0:2). Иванович, 45 (0:3). Қасым, 53-пенальтиден (1:3).Ромеро, 59-пенальтиден 2:3). Чесноков, 73 (2:4). Ромеро, 90+1 (3:4). 

«Ақтөбе» осы жеңілістен кейін екінші орынға түсті. Көш басында жеке-дара 25 ұпаймен «Ордабасы» тұр. Екінші орында «Ақтөбе» (22 ұпай), үздік үштікте 21 ұпаймен «Қайрат» бар.  «Тобыл» төрттікті қорытындылады.