«Астана» 280 млн теңге тұратын футболшыны қатарына қосты

Редактор
02.07.2024, 10:58

Transfermarkt футболшыны 550 мың еуроға (280 миллион теңге) бағалайды

"Астана" ФК

«Астана» клубы албаниялық футболшы Назми Грипшиді қатарына қосты. Жазғы трансферде 26 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт екі жылға жасалған.

«Астананың» су жаңа ойыншысы бұған дейін өз елінде «Теуту» және «Скендербеу» клубтарында ойнаған, бұдан бөлек Косовода «Балканидің» намысын қорғаған.

Transfermarkt албаниялық футболшыны 550 мың еуроға (280 миллион теңге) бағалайды. Танымал порталдың мәліметінше, Грипши елорда клубына еркін агент ретінде ауысқан.

«Астананың» жаңа ойыншысы Косово командасында 31 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген. Ал «Скендербеуде» ойнағанда гол+пас жүйесі бойынша 28 ұпай жинаған.