Португалия құрамасы ширек финалда Франциямен кездеседі
Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду Словенияға қарсы болған ойында пенальтиден гол соға алмай, XXI ғасырдың антирекордын орнатты.
Ойынның негізгі уақыты тең аяқталған соң, командалар мәселені овертаймда шешпек болған. 105-минутта төреші Словения қақпасына пенальти белгілеп, 11 метрлік айып добын Роналду тепті. Алайда, Ян Облак португалдық капитанның соққысын қайтарып, жанкүйерлеріне үміт сыйлады.
Матч соңынан кейін пенальтиде Португалияның мерейі үстем болды, есеп 3:0.
Осы ойыннан кейін Роналду XXI ғасырда үш бірдей ірі турнирде пенальти тебе алмаған алғашқы ойыншы атанды деп жазады Sofascore. Атап айтқанда, даңқты футболшы алғаш рет 2016 жылғы Еуропа чемпионатында (Аустрия) мүлт кетсе, екінші рет 2018 жылы әлем чемпионатында Иран қақпасына пенальти сала алмады.
Енді Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Франциямен кездеседі.