Түркия президенті ел футболшыларына үндеу жолдады

Редактор
03.07.2024, 09:58

Енді Түркия құрамасы 7 шілдеде Нидерландпен бірге жартылай финал жолдамасын сарапқа салады

Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия футболшыларын Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

Айта кетейік, EURO-2024-тің 1/8 финалында Түркия құрамасы Аустриямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, олар турнирдің ширек финалына шығып отыр.

«Футболдан Еуропа чемпионатында Аустрияны жеңіп, ширек финалға жолдама алған біздің ұлттық құраманы шын дүректен құттықтаймын», - деді Түркия президенті әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Түркия мен Аустрия арасындағы ойын 1/8 финалдың соңғы кездесуі болатын. Түріктер бірінші болып есеп ашты, небәрі 2-минутта қорғаушы Мерих Демирель қарсыластың айып алаңындағы қарбаласты ұтымды пайдаланып, қақпадан саңлау тапты.

Ал екінші таймда тағы осы Демираль көзге түсті. Ол Арда Гюлер берген пасты қақпаға дәл бағыттап, жеңісті нықтай түсті. 59-минуттағы соғылған голға Аустрия құрамасы араға 7 минут салып голмен жауап қатты. Михаэль Грегрорич Пош берген пасты түріктердің қақпасына дәл тепті. 

Осы есеп матч соңына дейін сақталып, түріктер келесі айналымға шықты. Енді Түркия құрамасы 7 шілдеде Нидерландпен бірге жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. 

Айта кететін жайт, Түркия соңғы рет жартылай финалға 2008 жылы шыққан болатын. Сол жолы олар үшінші орынға тұрақтады. 

Еуропа чемпионатында алғашқы ширек финалдық алғашқы ойын 5 шілде күні Испания мен Германия арасында өтеді.

Материалда: