Криштиану Роналду Франция – Португалия матчының ең пайдасыз ойыншысы атанды

Редактор
06.07.2024, 12:02

Ол гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберген

Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында болған Франция – Португалия матчының ең пайдасыз ойыншысы болып Криштиану Роналду мен Жоау Феликс танылды.

Аталған кездесудің негізгі бөлігі 0:0 есебімен тең аяқталып, матч тағдыры ойыннан кейінгі пенальтиде шешілген. Бұл сында Франция құрамасы 5:3 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Матчтан кейін A Bola басылымы Португалия ойыншыларына баға берді. Осылайша, ойындағы ең пайдасыз футболшы деген «атаққа» Криштиану Роналду мен Жоау Феликс лайық болған. Екеуі де 10-нан 5 ұпай алды. Ал, ең пайдалы ойыншы деп Нуну Мендеш, Пепе, Жоау Пальинья және Витинья танылды. Олардың әрбірі 8 ұпайдан алды.

Ал, матчтың ең үздік ойыншысы деген мәртебе Мендешке берілді.

Айта кетейік, матчтан кейінгі овертаймда Криштиану Роналдудың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда, португалдың шабуылшы ұтымды сәтте мүлт кетіп жатты. Ал, Жоау Феликс матчтан кейін пенальти сериясында мүлт кетіп, Португалия үмітін «жерлеп» тастады.