Конференция лигасындағы «Ақтөбенің» тағдырын пенальти сериясы шешті

Редактор
19.07.2024, 09:42

Дмитрий Парфенов шәкірттері енді ҚПЛ-дегі жорығын одан әрі жалғастырады

Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» футбол клубы еурокуобктік турнирді сәтсіз аяқтады. Қазақстандық команда бірінші айналымнан әрі аса алған жоқ.

Босниялық «Сараево» клубымен Ақтөбеде өткен бірінші матчта жерлестеріміз 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал, сырт алаңда болған ойында 2:1 есебімен жеңіп, таразы басын теңестірді. Алайда, матч тағдыры пенальти сериясында шешіліп, «Ақтөбе» бұл сында 3:4 есебімен есе жіберді.

Бірінші тайм алаң иелерінің өткір шабуылдарымен басталған. Бірақ, ақтөбеліктер қорғаныста сауатты ойнап, тайм аяқталар тұста есеп ашып үлгерді, гол авторы – Идрис Умаев (41-минут).

Екінші таймда командалар бір-бір голмен алмасты. Алдымен «Сараево» ойыншысы Георгий Гулиашвили Шацкий қақпасынан саңлау тапса, артынша Әділхан Таңжарықов «Ақтөбені» тағы алға шығарды.

Матч овертаймға ұласты. Қосымша уақытта командалар тағы бір-бір голдан соқты. Алдымен «Ақтөбе» легионері Джайро көзге түссе, екі минуттан кейін Ренан Оливейро есепті 2:3-ке жеткізді.

Ал, пенальти сериясында «Ақтөбе» сапынан Ромеро мен Самородов гол соға алмады. Осылайша, Дмитрий Парфенов шәкірттері еурокубок турнирін аяқтап, ҚПЛ-дегі жорығын одан әрі жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін «Ордабасы» мен «Тобыл» да бірінші айналымнан аса алған жоқ. Енді екеуі бағын Конференция лигасында сынайды.