Жанжалға толы тізім. XXI ғасырдың ТОП-10 спортшысының қатарында Криштиану Роналду жоқ

Редактор
19.07.2024, 10:34

Рейтингтің көш басында 23 дүркін Олимпиада чемпионы Майкл Фелпс тұр

Adam Pretty / Getty Images

Американың танымал арнасы ESPN XXI ғасырдың басындағы үздік спортшылардың тізімін жасады. Бірақ  бұған қатысты жанкүйерлердің өкпесі қара қазандай.

Телеарна ресми сайтында 100 үздік спортшыны тізіп шыққан. Сарапшылар танымал атлеттерді 2000 жылдың 1 қаңтарынан бергі көрсеткіші бойынша қарастырған. 

Рейтингтің көш басында 23 дүркін Олимпиада чемпионы, жүзуші Майкл Фелпс тұр. Екінші орынға теннисші Серена Уильямс, үздікті үштікті футболшы Лионель Месси түйіндейді. 

Оның футболдағы басты бәсекелесі Криштиану Роналду тізімге 13-орынға орналасқан. Алғашқы 25-нің қатарында басқа футболшы енбеген.

Сонымен алғашқы ондыққа Леброн Джеймс (баскетбол), Том Брэди (америкалық футбол), Роджер Федерер (теннис), Симона Байлз (спорттық гимнастика), Тайгер Вудс (гольф), Усэйн Болт  (жеңіл атлетика) және Коби Брайант (баскетбол) кірген.

Көбісі тізімге наразылықтарын білдіріп жатыр. Өйткені бастапқы 25 спортшының 17-сі АҚШ атлеттері болып шықты. Әлемнің жеті дүркін чемпионы көптеген жарыстардың жеңімпазы дүниежүзіндегі ең жүйрік пилот Михаэль Шумахер Льюис Хэмилтоннан төмен тұр.

Жалпы жүздіктің қатарындағы 56 спортшы АҚШ-тан болса, бесеуі – Испаниядан, төртеуі – Канада мен Доминика Республикасынан. Сондай-ақ үшеуі – Бразилия, Франция және Жапониядан. Қалған 22-сі әрбір елден.