Футболшылардың бай әйелдерінің ТОП-10 рейтингі жарияланды

Редактор
01.12.2023, 09:56

Джорджина бестікке кіре алмады

коллаж: Tengri Sport

Бұрын футболшылардың арасында ең дәулеттілерін анықтайтын рейтинг жүргізілсе, қазір олардың әйелдеріне де дәл осындай бөлек рейтинг әзірленетін болған. Өйткені, олар күйеулері тапқан байлыққа тәуелді болмай, өз алдына бөлек кәсіппен айналысып жүр. Ендеше әлемде қай футболшының әйелі дәулеті жағынан көш бастап тұр, ТОП-10 тізімді шолып шығайық.

10-орын. Ребекка Вариди, 3 млн фунт

«Лестер» шабуылшысы Джейми Вардидің әйелі Ребекка 41 жаста. Ол 2017 жылы «Мен танымалмын» деп аталатын реалити шоуға және 2021 жылы «Мұздағы би» тележобасына түскен. Ребекка көп жұмыс істемейді, ол көп уақытын Дубай мен Лас-Вегаста демалыста өткізеді.

9-орын. Перри Эдвардс, 7 млн фунт

30 жастағы Перри – Алекс Окслейд-Чемберленнің қалыңдығы. Ол сондай-ақ, Little Mix тобының мүшесі және X Factor жобасы арқылы көпке танылған.

Перридің әндері түрлі музыкалық платформаларда 15 млрд рет тыңдалған.

8-орын. Джорджина Родригес, 9 млн фунт

29 жастағы Джорджина әлемдегі ең әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың әйелі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында 53 миллион оқырманы бар.

Күйеуінің миллиардер екеніне қарамастан Джорджина ең бай әйелдердің бестігіне кіре алмады. Оның байлығы Netflix түсірген «Мен Джорджинамын» фильмінен кейін күрт арта бастаған. Ол сондай-ақ, Guess компаниясының жарнамасынан да жақсы пайда табады.

7-орын. Ана Иванович, 13 млн фунт

36 жастағы Ана тек даңқты теннисші ғана емес, ол сондай-ақ Германия құрамасының қорғаушысы болған Бастиан Швайнштайгердің әйелі.

Серб қызы 2008 жылы WTA рейтингінде бірінші орынға дейін көтерілген болатын. Сол жылы ол Франция ашық біріншілігін жеңіп алған.

2016 жылы Ана теннисті тастап, отбасына өмірін арнады.

6-орын. Колин Руни, 15 млн фунт

37 жастағы Колин күйеуі Уэйн Рунидің танымалдығын сәтті пайдаланған әйел. Жуырда Disney түсірген «The Real Agatha Story» фильмінде ол өз тарихы жайлы ашқ айтып берген.

Ал, оған дейін Колин жергілікті журналдарда мақалалар жазып, Asda және Littlewoods компанияларымен келісімшартқа отырды және оларға өзінің фитнес-жаттығулары жазылған DVD-таспаларды сатты.

Төрт баланың анасы сондай-ақ, бірнеше кітаптың авторы.

5-орын. Антонелла Ракуццо, 16 млн фунт

Даңқты Леонель Мессидің әйелінде жұмыс істеу үшін қажеттінің бәрі бар. Ол Adidas, Alo Yoga және Ricky Sarkany сынды әлемге әйгілі компаниялармен жарнамалық келісімшартқа отырған. Одан бөлек, Антонелла UNICEF-тің амбассадоры.

4-орын. Анн-Катрин Гетце, 28 млн фунт

Әйгілі неміс футболшысы Марио Гетценің әйелі Анн-Марин Германияның ең үздік 50 моделінің қатарына енген. Ол әлемдік GQ және FHN журналдарының мұқабасына шыққан. Lascana іш киімдерінің жарнамасын жасаған. Сонымен қатар, «Кел, билейік» реалити шоуына қатысып, мол табыс тапқан.

Әлеуметтік желідегі 2 миллион жазылушысына қазір түрлі косметиканы жарнамалап жүр.

3-орын. Анна Левандовска, 36 млн фунт

35 жастағы Анна табысты кәсіпкер. Ол диета мен фитнеске қатысты бірнеше бизнестің иесі.

Роберт Левандовскийдің әйелі жас кезінде каратеші болған. Әлемдік және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін емпионы.

2013 жылдан бері Анна диеталық блог жүргізіп, кітап жазды.

2-орын. Пилар Рубио, 47 млн фунт

45 жастағы Пилар Серхио Рамостың әйелі. Ол Испаниядағы танымал тележүргізушілердің бірі.

Телеарнадағы қызметіне дейін Пилар Испанияда модель болған, ол іш киімдер компаниясын жарнамалап ақша тапты.

Серхио мен Пилардың төрт баласы бар.

1-орын. Виктория Бекхэм, 55 млн фунт

Виктория Бекхэмді футболшылар әйелдерінің арасындағы ең дәулеттісі ғана емес, ең танымалы деуге де болады. Ол өз байлығын күйеуге шықпай тұрып-ақ Spice Girl тобының солисті ретінде тапты.

Қазір Виктория өзіне тиесілі киім брендін сатумен айналысады.