Қазақстан келер жылы Португалия және Түркиямен ойнауы мүмкін

Редактор
03.12.2023, 11:10

2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті

DeFodi Images

Германияның Гамбург қаласында EURO-2024 футбол біріншілігінің жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысудан әлі де үмітті екені белгілі. Егер Магомед Адиев шәкірттері Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсетіп, жолдама ала алса, онда Еуропа чемпионатының F тобында өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, құрлық біріншілігі келер жылы жазда Германияда өтеді. F тобында Португалия, Түркия және Чехия командалары бар. Төртінші команда Ұлттар лигасының С тобынан жеңіп шыққан құрама болады.

Айта кетейік, Қазақстан наурыз айында Грекиямен күш сынасады. Оны ұтқан жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

Ал, Еуропа чемпионатында доп тебетін командалардың топтық реті төмендегідей:

A тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания

C тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия

D тобы: А тобының жеңімпазы (Ұлттар лигасы), Нидерланды, Аустрия, Франция

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, В тобының жеңімпазы (Ұлттар лигасы)

F тобы: Түркия, С тобының жеңімпазы (Ұлттар лигасы), Португалия, Чехия.