Чемпиондар лигасының жаңа әнұраны шырқалды

Редактор
21.08.2024, 15:11

Чемпиондар лигасының жаңа маусымында алғаш рет 36 команда бақ сынайды

shutterstock

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф раунды матчында алғаш рет турнирдің жаңа әнұраны шырқалды.

Музыкалық композицияның негізі өзгеріссіз, бұл сол баяғы Георг Фридрих Гендельдің аранжировкасы. Дегенмен әуеннің инструменталды бөлігі өзгертіліп, вокалдық бөлігіне басымдық берілген.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының гимні негізгі турнирдің барлық матчы басталар кезде және іріктеудегі финалдық кездесулер алдында шырқалады.

Чемпиондар лигасының жаңа маусымында алғаш рет 36 команда бақ сынайды. Олар енді топтық кезеңде алты емес, сегіз ойын өткізеді. Турнирдің жеребе тарту рәсімі 29 тамызда өтеді.