Асхат Тағыберген жасыл алаңға қашан оралатынын айтты

Редактор
03.12.2023, 17:27

Оның жарақатын неміс дәрігерлері емдеп жатыр

telegram.org/k/#@Kommentator_Maulen

Футболдан Қазақстан құрамасының және «Ордабасы» клубының капитаны Асхат Тағыберген жарақатын әлі емдеп жатыр. Ел біріншілігінің соңғы турында ол башпайын сындырып алған болатын.

Журналист Нұрсұлтан Құрманға сұхбат берген футболшы емдомның қалай жүріп жатқанын, жасыл алаңға қашан оралатыны туралы айтып берді.

«Қазір қалыпқа келіп жатырмын. Екі аптадан кейін аяғымды тағы рентгенге түсіріп, Германиядағы профессорға жіберемін. Содан кейін ғана жаттығуды қашан бастайтыным белгілі болады, яғни дәрігер шешеді. Мен жарақат алған кезде сүйектің сынған дауысын естідім, дереу бутсыды шешіп, «Словениямен ойынға дейін жазылып кетсем болар еді» деп ойладым.

Сол матчтан кейін қуанышты көңіл-күймен жүріп, бір аптаға дейін жарақатымның қаншалықты ауыр екенін білмедім. Алғашында маған ота жасамай-ақ емдейміз деген. Бірақ, кейін бәрібір жасамаса болмайтыны белгілі болды», - деді футболшы.

Еске салайық, Асхат Тағыберген «Ордабасы» – «Шахтер» арасындағы ойында аяғынан ауыр жарақат алған болатын. Сол матчтан кейін шымкенттік клуб тарихында алғаш рет ел чемпионы болды.