Оның командасы турнир кестесінің үшінші сатысында келеді
Футболдан Түркия чемпионатының кезекті турында «Бешикташ» сырт алаңда «Анкарагюджюмен» кездесіп, тең тарқасты, есеп – 1:1.
Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 21-минутта Али Соу Стамбұлдан келген командаға гол соқса, 74-минутта Алекс Окслейд-Чемберлен таразы басын теңестірді.
Осы турдан кейін «Бешикташ» 26 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысында орнықты. «Анкарагюджю» болса 17 ұпаймен 12-орында тұр.
Бақтиер Зайнутдинов болса аталған матчта негізгі құрамда алаңға шықты, бірақ 58-минутта бас бапкер оны алмастырған. Sofascore сайты қазақстандық футболшыны алаңда командасына пайда әкелмеген ойыншы деп санап, оған 6,3 ұпай жазған. Ал, ең жоғары ұпай Неджип Уйсалда (7,8).