Хакерлер Мбаппенің аккаунтын бұзып, Мессиді «қортық» деп жазып, «Тоттенхэмді» нәжіске теңеген

Редактор
29.08.2024, 11:05

Артынша бұл жазбаның бәрі өшірілді

Getty Images

Мадридтік «Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің X әлеуметтік желісіндегі парақшасына хакерлік шабуыл жасалды деп хабарлады Mirror басылымы.

Әйгілі футболшының парақшасын бұзғандар оның атынан түрлі жазбалар қалдырған. Алдымен «MBAPPE» токенінің сатылымы 90 мыңнан асты десе, артынша Роналду мен Мессиді салыстырып пікір жазған. Атап айтқанда: «Криштиану Роналду – барлық заманның ұлы футболшысы. Әлгі қортық (Лионель Месси) менің сүйікті ойыншым емес», - делінген Мбаппенің парақшасындағы жазбада.

Сонымен қатар «Тоттенхэм» клубын нәжіске теңеп, Мбаппенің сүйікті футбол командасы «Манчестер Юнайтед» деп көрсетіпті.

Көп ұзамай бұл жазбаның барлығы өшірілді. Француз футболшысы болса аталған жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.