Черчесов Адиевке ұнамаған қақпашыны құрамаға шақырды

Редактор
29.08.2024, 15:23

Черчесовтың таңдауы Игорь Шацкийге түскен болатын

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Норвегия және Словения құрамаларымен ойынға қазақстандық футболшылардың тізіміне қақпашы Стас Покатилов енді. Бұл қақпашы соңғы рет 2021 жылы ойнаған еді. Бас бапкер Станислав Черчесов мұның себебін түсіндірді.

«Ұлттық құрамаға Стас Покатилов оралды. Жеке сөйлесіп, барлық мәселенің басын ашып алдық. Кезінде бір жағдай болған екен, бірақ қазір бәрі дұрыс. Ұсынысты қуана қабыл алды. Біздің тараптан да айтылмай қалатын әңгіме болмайды. Ол кез келген сәтте алаңға шыға алатын қақпашының бірі болуы керек. Бір себептерге байланысты соңғы жылдары шақырылмай жүрді. Бұл да оған дұрыс шешім қабылдауға көмектесті деп ойлаймын», - дейді бас бапкер.

Бұған дейін Магомед Адиев бас бапкер болғанда Стас Покатилов құрамаға шақырылмай жүрді. Ресейлік маман оның себебін екі тәжірибелі қақпашы қажет еместігін, Игорь Шацкий бар екенін алға тартқан.