Павлодарлық бапкер 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Редактор
02.09.2024, 20:37

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады

pixabay.com

Павлодар тұрғыны 10 жастағы қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді. Күдіктінің футбол жаттықтырушысы екені белгілі болды. Оқиғаға байланысты Павлодар облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

"Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.