Спорт басқармасы жыл соңында кезекті тендер өткізуді жоспарлап отыр
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы футболға қаржы бөлу үшін кезекті тендерін жариялады. Бұл туралы "Дядя Ваня" Telegram-арнасында жазылды.
Тендердің жалпы сомасы – 892,9 млн теңге (шамамен $1,83 млн). Тендер тақырыбы: "Футбол командаларын дайындау және олардың жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету қызметтері". Орындау мерзімі – 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Техникалық сипаттамада көрсетілгендей, тендердің негізгі мақсаты – Шымкент қаласыкомандаларының 2024 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасы, Қазақстан Екінші лигасы чемпионаттарында, УЕФА кубоктарында, Қазақстан чемпионатында балалар мен жасөспірімдер командалары арасындағы және халықаралық турнирлерде, сонымен қатар футзалдан 2024-2025 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетуі үшін жағдай жасау.
Қазақстан футболының элитасында Шымкенттен тек бір ғана команда – "Ордабасы" клубы өнер көрсетеді. Алайда, ең қызығы, ел чемпионатында олардың өткізетін бар болғаны екі-ақ ойыны қалды. Осыдан кейін маусымаралық үзіліс басталады. Ресми халықаралық кездесулерді өткізу де қарастырылмаған.
Дегенмен, техникалық сипаттамада ақылға қонбайтын ескертулер енгізілген. Мысалы, бөлінген қаржыны әкімшілік және жаттықтырушы персоналды, кәсіби футболшыларды ұстауға (жалақы төлеу, жәрдемақы, спорттық, жаттықтырушылық және әкімшілік персоналдың іссапар шығындары, төрешілер құрамының шығындары және салық төлеу, Қазақстан футбол федерациясы, УЕФА, ФИФА және басқа да уәкілетті органдар тарапынан салынған айыппұлдарды төлеу бойынша шығындар), Қазақстан Премьер-Лигасындағы командалардың сәтті өнер көрсетуі үшін кәсіби футболшыларға, жаттықтырушылар құрамына, әкімшілік-басқару персоналына ынталандыру төлемдерін (сыйақыларды) төлеу.
Adata.kz ақпараттарына сүйенсек, биыл "Ордабасы" АҚ Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасымен 5 келісімшарт жасап, жалпы сомасы 5,3 млрд теңгені ($10,87 млн) құрады. Бұл қала спортына бөлінген барлық бюджет қаражатының 87,1%-ын құрайды.
"Ордабасы" футбол клубы 2024 жылы жеңіп алған тендерлер тізімі:
Еске сала кетсек, "Ордабасы" Қазақстанның қазіргі чемпионы, дегенмен еурокубоктардағы көрсеткіштері көңіл көншітпеді.
Шымкенттік клуб Чемпиондар Лигасының іріктеуінде молдовалық "Петрокуб" командасынан жеңіліп (0:0, 0:1), Конференциялар Лигасында Люксембургтің "Дифферданж" командасын тек пенальти сериясында ғана жеңе алды, ал армениялық "Пюникпен" өткен матчтарда (0:1, 0:1) ұтылып, ұятқа қалды.