Қазақ футболының ардагері легионерлерді ойыннан шеттетуге қарсы шықты

Редактор
28.10.2024, 16:55

Ол легионерлерсіз ойынның сәні кететінін атап өтті

fckairat.com

Қазақстан Футбол федерациясының бұрынғы президенті, қазақ футболының ардагері, әйгілі қақпашы Құралбек Ордабаев Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

– Құралбек Досжанұлы, легионерлердің Қазақстан футболының, әсіресе «Қайрат» клубының дамуына ықпалы қандай?

– Балалық шағымнан үлкен футболды армандаған адам ретінде, мен алаңға шығып, жастарға үлгі болғысы келетін барлық ойыншыға құрметпен қараймын. «Қайрат» үшін өнер көрсететін легионерлер жай ғана клуб үшін ойнап қоймай, біздің жас ойыншыларымызға тәжірибесімен бөліседі. Кезінде шетелдік футбол мектептері мен басқа мәдениеттердің шеберлік алмасқанын көрмедік. Бүгінде легионерлер жоғары деңгейде ойын көрсетіп, үлгі болып жүр. Әрине, өз ойыншыларымыз да мықты болса екен дейміз, бірақ әзірге оған жету үшін көмек қажет.

– Бюджеттен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынса, Қазақстан чемпионатының деңгейіне қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

– Мен және басқа көптеген жанкүйероер бұл лиганың өзін-өзі қамтамасыз ете алатындай деңгейі болуы тиіс деп ойлаймыз. Бірақ шетелдік тәжірибесіз мұны жүзеге асыру қиын болатынын түсіну маңызды. Ойын деңгейі жоғары болғанда, сол деңгейге жанкүйерлер де, сондай-ақ «мен де осындай болғым келеді» деген жастар да талпынады. Біздің клубтар, оның ішінде «Қайрат» та, қазақстандық жас ойыншыларды дайындауға тырысып жатыр, бірақ шынын айтқанда, бәрі бірдей биікке жете алмайды. Легионерлерді алып тастау –  ойындағы шабыт пен қызықтан айыру деген сөз.

– Жоғары деңгейдегі чемпионатты сақтай отырып, қазақстандық  спортшылардың мүддесін қорғайтын қандай тәсілді ұсынар едіңіз?

– Өзіміздің ойыншыларды да, мықты шетелдік футболшылардан үйрену мүмкіндігін де сақтап қалу үшін тепе-теңдік сақтау керек. Мен әрқашан біздің клубтар тек мемлекет тарапынан ғана емес, бизнес пен демеушілерден де қолдау алғанын қалаймын. Сол кезде қаржыны да тиімдірек бөлуге болар еді. Легионерлер ынта-жігер береді, мотивация сыйлайды, бірақ қазақстандық жігіттерге де көбірек мүмкіндік беріп, ең үздіктерін іріктеу қажет. Тек өз жастарымызды дамыту арқылы ғана қазақстандық футболдың рухын сақтай аламыз, бірақ ол үшін жастар мықтыларға қарап, олардан үйренуі керек.

– Футбол ардагері ретінде клубтардың өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуі – осы жолдың басы деп санайсыз ба?

– Әрине, дұрыс айтасыз. Футбол – бұл жай ғана спорт емес, үлкен жүйе, оған көп көңіл мен қамқорлық керек. Бір кездері клубтар өзін-өзі қамтамасыз етуге біртіндеп көшуі керек деп санайтынмын, бюджеттік тәуелділік азаюы үшін оған уақыт пен қолдау қажет. Қазақстан футболы мықты әрі тәуелсіз болуы тиіс. Бұл үшін бізге легионерлер де, мықты қазақстандық футболшылар да, тек бюджетке сенбей, ресурстарды тартатын клубтар да қажет.

Бұған дейін Парламент депутаттары спорт және дене шынықтыру туралы жаңа заң жобасын қарастырып, шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу мәселесін көтерген еді

Материалда: