Станислав Черчесовті қуып жіберсе Қазақстан 1 млн еуро төлеуі керек болады

Редактор
09.11.2024, 16:53

Оның келісімшарт мерзімі 2026 жылғы ӘЧ аяқталғанға дейін

Getty Images

Ресейлік маман Станислав Черчесов пен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы келісімшарттың детальдері анықтала бастады.

Legalbet.kz мәліметінше, келісімшартта екі тарап шартты орындамаған жағдайға арналған тармақ бар. Егер ресейлік жаттықтырушыны басқа клуб шақырғысы келсе, онда ол үшін (немесе Черчесовтің өзі) федерацияға 1 миллион еуро төлеуі керек. Ал ҚФФ басшылығы Станислав Черчесовті жұмыстан шығаратын болса, өтемақы ретінде 1 миллион еуро беруі тиіс. Бұл қаржы теңгеге шаққанда 530,85 миллион теңге. 

Еске салайық, Станислав Черчесов биыл маусымда футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол ҚФФ-мен 2026 жылғы әлем чемпионаты аяталғанға дейін келісімшартқа отырған. Кеше, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Ол федерацияны 2022 жылдың ақпанынан бері басқарған еді. Жаңа басшы ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Оның уақыты жақын арада хабарланбақ.