Қазақстан құрамасының ойыншысы Бағдат Қайыров «Ақтөбеге» ауысады

Редактор
19.12.2023, 13:46

Ол осы Ақтөбе футбол мектебінің түлегі

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров «Тобылдан» «Ақтөбеге» ауысатын болды деп жазады «Серый Cardinal» Telegram-каналы.

«Бағдат Қайыров «Ақтөбеге» оралады. Қолда бар ақпарат бойынша, Ақтөбе футбол мектебінің түлегі өзінің ескі/жаңа командасына Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қосылады», - делінген аталған ақпаратта.

Айта кету керек, биылғы маусымда Қайыров «Тобыл» сапында 17 ойынға қатысқан.