ФИФА-ның жаңартылған рейтінгінде Қазақстан 100-орыннан көтеріле алмады

Редактор
21.12.2023, 16:30

Көшті Аргентина бастап тұр

Қазақстан футбол федерациясы

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жыл соңында өз рейтингін жаңартты. Тізім ұйымның рейсми сайтында жарияланған.

Жаңа рейтингте Қазақстан сол бұрынғы 100-орнын сақтап қалды. Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары аясында сәтті өнер көрсеткеніне қарамастан біздің құрама ілгері жылыған жоқ.

Тізімнің алғашқы ондығы да өзгермеген.

1 (1). Аргентина - 1855.2;
2 (2). Франция - 1845.44;
3 (3). Англия - 1800.05;
4 (4). Бельгия - 1798.46;
5 (5). Бразилия - 1784.09;
6 (6). Нидерланды - 1745.48;
7 (7). Португалия - 1745.06;
8 (8). Испания - 1732.64;
9 (9). Италия - 1718.82;
10 (10). Хорватия - 1717.57;
...100 (100). Қазақстан - 1215.16

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиямен кездеседі. Кім жеңгені финалда Люксембург-Грузия жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды. Жеңгені Еуропа чемпионатына берілетін екі жолдаманың біреуіне ие болады.