Павлодарлық «Ертіс» келер жылы қайта оралады

Редактор
22.12.2023, 09:30

Клуб қаржылық проблемаларға байланысты жабылып қалған болатын

Новости Павлодара

Футболдан Қазақстанның бес дүркін чемпионы болып, соңғы 2020 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жабылып қалған павлодарлық «Ертіс» клубы келер жылдан бастап үлкен спортқа қайта оралады. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы жазған.

Клубтың жаңа басшылығы Қазақстан футбол федерациясымен келісімге келіп, 2024 жылғы футбол маусымында жарысты екінші емес, бірінші лигадан бастайды.

Қазіргі таңда клубтың бұрынғы ойыншыларымен және бапкерлерімен олардың алдындағы қарыз мөлшерін азайту бойынша келіссөз жүріп жатыр екен. Ал, жаңа директор болып Ермек Ермекбай тағайындалады.

Айта кету керек, 2020 жылы ойыншылар алдында қарызға белшеден батқан «Ертісті» облыс басшылығы жауып тастаған болатын. Премьер-лигада облыс атынан «Ақсу» командасы өнер көрсетті.