Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Тоқаевпен бірге стадионда футбол тамашалаған функционердің ұлы жоғары қызметке тағайындалды

Редактор
15.01.2025, 01:22

Оның өзі де лауазымды қызмет атқарып жүр

Архив: "Жетісу" ФК

Бүгін «Жетісу» футбол клубының директоры болып Марк Гурман тағайындалды. Ол осыған дейін клубтың спорттық директоры болған.

Айта кетейік, Марк Гурманның әкесі Михаил Гурман да жақында лауазымды қызмет алған болатын. Атап айтқанда, ол «Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне кіріскен. 71 жастағы функционер 2023 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі рет Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарын стадионнан тамашалаған еді.


Фото: Ақорда

Михаилдың ұлы Марк Гурман ұзақ жылдар Қазақстанның бірнеше командасында ойнап шыққан. Кейіннен карьерасын аяқтады.

Жарнама
Жарнама