Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан президенті «Манчестер Сити» президентімен кездесті

Редактор
15.01.2025, 21:53

Өзбек халқы мұны жақсы ырымға балап отыр

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Абу-Дабиге жасаған іс-сапары барысында БАӘ-нің вице-президенті, «Манчестер Сити» клубының иесі шейх Мансур әл-Нахайянмен кездесті.

Кездесу барысында көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі арттырудың және басым бағыттардағы практикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Ал өзбекстандық БАҚ өкілдері бұл жүздесі өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусановтың «қалалықтар» сапына ауысу процесін жылдамдатады деген үміт білдіріп отыр. 

Соңғы бірнеше аптада француздың «Ланс» клубының өзбекстандық ойыншысы «Сити» сапын толықтырады деген хабар желдей есіп жүр. Тіпті трансфер құны 40 миллион еуроны құрайтыны да айтылып жатыр.

Дегенмен, белгілі спорт инсайдері Фабрицио Романо Хусановтың «Манчестер Ситиге» ауыспайтынын мәлімдеп отыр.

Жарнама
Жарнама