Лондонның «Арсеналы» сырт алаңда «Реалды» 2:1 есебімен жеңді
Танымал қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов мадридтік «Реалдың» Чемпиондар лигасының ширек финалының қарымта матчында «Арсеналға» 1:2 есебімен жол беру себебін атады.
«Кеше мадридтік «Реал» мен «Арсенал» арасындағы ойынды тамашаладым. «Реалдың» жанкүйері ретінде айтарым — «Реал» Винисиус немесе Мбаппеден (екеуінің бірінен) құтылмайынша, команда жақсы ойнап, жеңіске жете алмайды. Себебі әрқайсысы өз бетімен ойнап жүр. Сіздер не ойлайсыздар?», — деп жазды Хамитов Instagram желісінде.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының ширек финалының қарымта кездесуінде Лондонның «Арсеналы» сырт алаңда «Реалды» 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.