Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ресми: Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Редактор
18.04.2025, 10:28

Былтыр ол Қазақстанның үздік бапкері атанған еді

Қазақстан футбол федерациясы

Әли Әлиев ресми түрде Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол осыған дейін, 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап, бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы ретінде қызмет атқарған болатын.

Әли Әлиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде алғашқы екі ойынын өткізді. Уэльстен сырт алаңда 1:3 есебімен жеңіліп, Лихтенштейнмен кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Келесі іріктеу ойынын 9 маусымда Астанада Солтүстік Македония құрамасына қарсы өткізеді.

Әли Әлиев 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Бұған дейін ол Қарағандының «Шахтер» және Петропавлдың «Қызыл-Жар» клубтарында бас бапкер қызметін атқарған. 2019 жылы «Қызыл-Жар» командасын Бірінші лигада чемпион атандырып, Премьер-лигаға шығарғаны үшін маусымның үздік бапкері атанды.

Қазақстан құрамасын бұған дейін ресейлік маман Станислав Черчесов баптаған еді. Ол былтыр жазда тағайындалып, биыл қаңтарда отставкаға кетті. Оның кезінде ұлттық құрама ресми алты ойын өткізіп, бірде-бір гол соға алмаған.

Жарнама
Жарнама