Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке қымбат сыйлық беруге уәде етті

Редактор
18.04.2025, 11:30

Боксшы «Зенит» футбол клубының ойыншыларымен кездесті

instagram.com/zenit_spb

Әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол ресейлік «Зенит» футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке ерекше сыйлық уәде етті.

Кездесу 16 сәуірде Санкт-Петербургтегі «Зенит Арена» стадионында өткен Ресей Кубогының жартылай финалынан кейін болды. «Зенит» пен «Ростов» арасындағы ойында алаң иелері жеңіске жетті.

Матч аяқталған соң Дмитрий Бивол жеңімпаздардың киім ауыстыру бөлмесіне барып, ойыншыларды құттықтады. Сол жерде ол Нұралы Әліппен әңгімелесіп, келесі кездесуде оған өзінің бокс қолғабын сыйлайтынын айтты.

Айта кетейік, Дмитрий Бивол соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 23 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізіп, 12 раундтық шайқаста Артур Бетербиевті жеңіп, әлемнің жаңа абсолютті чемпионы атанған болатын.

Жарнама
Жарнама