Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Атырау» футбол клубы қарызға батқан, ал нәтижелері – жермен-жексен

Редактор
18.04.2025, 13:08

Команда басшысының жалақысы бірден 2,4 млн теңгеге дейін көтерілген

instagram.com/fc_atyrau

Бірақ клуб басшылары мен бапкерлерінің жалақысы шарықтап тұр. Қаржыландыру бюджеттен ғана жүзеге асады, ал футбол клуб басшылығының есінен де шығып кететін тәрізді.

Halyqstan тілшісінің мәліметінше, клуб әкімшілігі өз жұмысын өте жоғары бағалаған:

Команда басшысының жалақысы қаңтарда 900 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейін, ал ақпанда бірден 2,4 млн теңгеге дейін көтерілген.

• Бас бапкер — 3 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін.

• Бапкер көмекшісі — 1,8 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін.

• Дене дайындығы бойынша бапкер — 1,5 млн теңгеден 2,3 млн теңгеге дейін.

• Қақпашылар бапкері — 1,5 млн теңгеден 3,3 млн теңгеге дейін.

• Физиотерапевт — 500 мыңнан 900 мың теңгеге дейін.

• Команда әкімшісі — қаңтарда 600 мың, ақпанда 1,2 млн теңге.

• Бейнеоператор — 600 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін.

• Бас бухгалтер — 500 мыңнан 900 мың теңгеге дейін.

• Бас менеджер — 1,1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін, ал лимит – 2 млн теңге.

Бір қызығы, команданың өзі жыл басынан наурызға дейін мүлде жалақы алмаған.

Салыстыру үшін: балалар мен жасөспірімдер құрамасының бапкерлеріне небәрі 100 мың теңгеге ғана жалақы қосылған. Ал екінші лига ойыншылары бұрынғыша 150 мың теңге көлемінде ғана алады.

Сонымен қатар, бюджет есебінен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынғанына қарамастан, клуб жыл басынан бері сегіз шетелдік ойыншымен келісімшарт жасаған. Ішкі дереккөздерге сүйенсек, олардың нақты жалақысы 3 млн теңгеден асады. Бірақ ресми құжаттарда бар болғаны 200 мың теңге деп көрсетілген. Бұл жағдай төлемдердің бір бөлігі көлеңкелі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін деген күмән туғызады.

Тағы бір назар аударарлық мәселе — балалар мен жасөспірімдер футболының жағдайы. 2025 жылы клубқа УЕФА тарапынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебін дамыту үшін шамамен 100 млн теңге түсуі керек. Осы қаражат есебінен клуб басшылығы 25 млн және 73 млн теңгеге екі несие алған. Екеуі де бір ай ішінде қайтарылуы тиіс, кешіктірсе — айыппұл салынады. Бірінші қарыз қайтарылып, футболшылар мен басқа да қызметкерлердің алдындағы қарызды жабуға жұмсалған. Ал екіншісі — спорттық жабдықтар сатып алуға кеткен, бірақ бір ғана жеткізушіден алынған. Бұл жайтқа қатысты қазір тексеріс басталды.

Соған қарамастан, команда өте әлсіз нәтиже көрсетіп отыр. Соңғы бес ойында бір ғана жеңіс және төрт жеңіліс бар. Соңғы жеңілістердің бірі 16 сәуірде Алматыда тіркелді — «Атырау» «Қайраттан» 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Ойыннан кейін футболшылар жанкүйерлерге алғыс айту үшін трибунаға жақындағанымен, ашуға булыққан көрермен айғай салды. Тіпті капитанмен сөз талас басталды:

«Ойын қайда? Біз сендер үшін осында тұрған жоқпыз ба!» – деп жанкүйерлер айқайлап, «туған жерге оралғанда жолығайық» деген қоқан-лоққыға дейін айтты.

Сонымен қатар, Атырауда тағы бір шу шықты — клуб менеджері Дидар Садыбектің қызметінен кетуі. Ол бұл қызметке бір ай бұрын ғана тағайындалған еді. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол қызметтен өз еркімен кететінін хабарлады:

«Басында бұлай тез кетем деп ойлаған да жоқпын. Қазір тек өтініш жазып, бәрімен жақсы жағдайда қоштасқым келеді. Мен бұл қаланы, клубқа қатысы бар жандарды шын көңілмен жақсы көріп кеттім. Ешқандай ренішім жоқ, ешкім мені кетуге мәжбүрлеген жоқ. Барлығы оңай болады деп үміттендім. Бұрын қай жерде болсам да, маңызды шешімдер менің пікірімді ескере отырып қабылданатын. Енді мені күтпейтін жерге бармаймын», — деп жазды ол.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде, әсіресе жуырда балаларына спорттық киім берілген футболшы балалардың ата-аналары оған қолдау білдірген.

Ал клуб ресми түрде Садыбектің отставкаға кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарып, оның әлі де қызметін атқарып жатқанын мәлімдеді. Инстаграм парақшасына қарағанда, Садыбек қазір Петропавлда жүр.

Айтпақшы, жуырда «Атырау» футбол клубы қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: