Килиан Мбаппе «Реалға» ауысатын болды

Редактор
08.01.2024, 08:55

Екі тарап арасындағы келісім бірнеше жылдан бері жүріп келеді

Olympics.com

Футболдан Франция құрамасының және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік «Реалмен» келісімге келді деп хабарлады Foot Mercato басылымы.

Дереккөздің мәліметінше, француз ойыншысы бірнеше күн бұрын мадридтік клубпен ортақ шешімге келген. Енді ол 2024 жылдың жазында «Реал» жейдесін киетін болады.

Айта кету керек, Мбаппенің «ПСЖ» командасындағы келісімшарты биыл жазда күшін жояды. Мұнан кейін ол кез келген клубқа тегін ауыса алады.