Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан футболын қатаң сынаған Самат Смақовты ҚФФ ауыр жазалады

Редактор
23.04.2025, 22:09

Ол қазақ футболының өзбектерден 15 жылға қалып қойғанын айтқан еді

"Ақтөбе" ФК

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақовты матчтардан шеттетті. Мұндай шешім Смақовтың төрешілер жұмысын сынаған соң қабылданды. 

ҚФФ баспасөз қызметінің мәлімдемесінде Смақовтың іс-әрекеті Бақылау, тәртіптік және этикалық комитет отырысында қаралғаны айтылған. Нәтижесінде ол төрт ойынға шеттетілді. 

«2025 жылғы Қазақстан футбол чемпионатының 5-турындағы «Ордабасы» – «Жетісу» матчында ресми тұлғаға тіл тигізгені үшін «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов 4 (төрт) матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2025 жылғы 20 сәуірден бастап есептеледі», – делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, командасы сырт алаңда жеңілген соң Самат Смақов төрешінің жұмысына көңілі толмай, іште жиналып қалған біраз мәселені айтты.

«13 адамға қарсы ойнау оңай емес. Негізі ешқашан төрешілер бригадасына қарсы ештеңе айтпайтынмын. Бірақ бүгінгі әрекеттері таза бассыздық. Мен бұл төрешінің осы ойынға тағайындалатынын 4 күн бұрын білгенмін. Ол өзі төрешілер департаментінде бір бөлімді басқарады. Сондықтан ол өз-өзін тағайындайды», - деген Самат Смақов.

Сондай-ақ, ол Қазақстан футболы даму жағынан Өзбекстан, тіпті Тәжікстан құрамаларынан да қалып қойғанын, біздің ұлттық құрама жақын уақытта ешқандай Әлем және Еуропа чемпионаттарына қатыса алмайтынын жеткізді.

Жарнама
Жарнама